Калиев  Қуаныш  Жарылгасынұлы,  1966 жылдың 3 тамызында Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Березовка ауылында дүниеге келді.

 

1983 жылы Березовка аулының жалпы орта білім беретін мектебін аяқтап, Қарағанды қалысының мемлекеттік медициналық институтының санитарлы – гигиеналық факультетіне оқуға түсті. Оқу кезінде  1985 – 1987 жылдар аралығында шұғыл түрде Ресей Федерациясының Свердловск қаласында Кеңес армия қатарында әскери міндетін атқарды.

 

Институтты бітіргеннен кейін, 1992 жылдың 3 тамызынан бастап Орал қ. қалалық санэпидстанциясындағы өндірістік гигиена бөлімшесіне санитарлық дәрігер болып орналасты.

 

01.02.1994 – 01.12.1997 жылдар аралығында Орал қ. қалалық санэпидстанциясында санитарлық бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді,


01.12.1997 – 25.03.2004 жж. -  Орал қ. қалалық санэпидстанциясы бас дәрігерінің орынбасары,


25.03.2004 – 03.06.2008 жж. - Орал қ. қалалық санэпидстанциясы басшысының орынбасары,


03.06.2008 – 29.03.2016 жж. – БҚО санитарлы – эпидемиологиялық экспертиза орталығының директоры,

 

2016 жылдың 30-шы наурызынан бастап БҚО ДСБ-ның «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК-ның директоры қызметіне тағайындалды.


Үйленген, бір қызы бар.

 

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз