Қан тамшысы, адам өмірін сақтай алады. Тін жасушалары доноры қалай болады? Донор қалай болады? Лейкемиямен ауыратын науқастарға қалай көмектесуге болады және салауатты өмір сүруге мүмкіндік қалай беріледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

 

ҚР-да МӘМС енгізу жөніндегі  өзекті сұрақ-жауаптар

 

Топик төлемдер бойынша

 

 

Фактілер

Қазір әлемде АИТВ жұқтырған 40 миллионнан астам адам бар: соның ішінде 25 жасқа дейінгі жастар – 70 пайыз,  ал 15 жастағы балалар саны – 3 миллион.                                                                                                                         

13,15,17 жаста тажал ауру қауіп төндіруі мүмкін дегенге сену қиын.Ауыратын  және о дүниелік болатын тек  егде адамдар секілді көрінеді. Бірақ, ЖИТС мәселесі ол бір бөлек.ЖИТС – бұл аса қауіпті ауру, бүгінгі күні бар әлемдегі сенің замандастарың бұл тажалмен бетпе-бет келуге мәжбүр болып отыр.Сондықтан, оны жұқтырудың алдын алу жолдарын білу өте маңызды.Қажетті білімді алу арқылы сен өзіңді бүгін және болашақта маңызды көптеген мәселелерден қорғай аласың.

 

ЖИТС және АИТВ

ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы.Синдром – айқындалған ауру белгілерінің жиынтығы.                                                             

ЖИТС - АИТВ жұқпасымен зақымданған адамдарда дамиды және аурудың соңғы сатысы болып саналады.

АИТВ – адамның иммунтапшылығы вирусы, ол адам ағзасының  жасушаларын, бірінші кезекте иммундық жүйесін зақымдайды.

АИТВ жұқпасын жұқтырған адамдар  «АИТВ жұқтырғандар» деп аталады. АИТВ-мен зақымдану сәтінен бастап, ЖИТС-тың дамуына дейін 5 – 15 жыл уақыт өтуі мүмкін. АИТВ жұқпасы ЖИТС сатысына жеткенге дейін оны жұқтырған адам өзін дені сау, жақсы сезінеді, тіпті жұқпамен зақымданғанына күмәнданбауы да мүмкін. Тек дәрігер ғана арнайы қан талдамасының көмегімен  адамның АИТВ жұқпасымен зақымданғандығын анықтай алады.

Ауру Т вирусының сау жасушаға түсіп, оның тектік құрылымына енуімен басталады.Бұл вирус енген адам кез келген жұқпамен күрес қабілетін жояды. Жұқпаны 50 минут ішінде қан тамырлар жүйесін +56 градусқа дейін қыздыру арқылы өлтіруге болады.Бірақ,  бұл емдеу шарасына  еш адам шыдай алмайтындықтан,  ауруды емдеу мүмкін емес деуге болады.

 

АИТВ-ны жұқтыру жолдары

АИТВ жұқпасы :

Сау адамның зақымданған шырышты қабатына және қанға:

лас шприц, ине, тағы басқа құралдар;

құлақ тесу, персинг, татуировка жасау;

төбелес, бауырласу рәсімі кезінде;

лас ұстараның жүзі, маникюр құралдары;

бөгде адам тіс шөткесі;

қан құю кезінде;

сау адамның кішкентай жарақаты бар шырышты тері қабатына  АИТВ жұқтырған адамның кез келген биологиялық сұйықтығы тиюі арқылы ;

Сақтандырылмаған жыныстық байланыс кезінде;

Жүктілік кезінде АИТВ жұқтырған әйелден сәбиіне, босану кезінде және сәбиді тамақтандыру кезінде жұғады.

ЖИТС-тен қалыпты жыныстық өмір сүретін, қарапайым гигиена ережелерін сақтайтын, спирттік ішімдіктер мен есірткіні қолданбайтын адам сақтана алады.

Қауіпті ауру белгілері

1 айдан астам себебі анықталмаған дене қызуы (38 градус)

әлсіздік

бас ауруы

қатты шаршау

созылмалы диарея(1-2 айдан астам)

түнгі тершеңдік

қан аздық

10 пайыз, одан астам түсініксіз дене салмағын жоғалту

пневмония

созылмалы, қайталама өкпе қабынуы

бронхиалды және өкпе кандидозы

1 айдан астам тұрақты жөтел

1 айдан аса уақытта лимфоузельдердің 2 не одан да көп топтарға ұлғаюы

дені сау адамдағы ерте кем ақылдылық

бас ми лимфомасы(үдемелі көпошақты лейкоэнцефалопатия, криптококкты менингит, жедел энцефалит)

ми қабықшасының ошақты зақымдануы

ми және жүрек тамырларының зақымдануы

және тағы да басқа қатты аурулар.

    

Аурудың өтуі

Бұл ауру барлық адамда осылай өтеді деп нақты айту мүмкін емес, бірақ бақылауда болған аурулардың көпшілігінде осылайша болды.

Бұл аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше айдан бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Шамамен 2-3 аптадан кейін жұқпаны жұқтырғандардың 76 пайызында 2-10 күнге созылатын аурулар байқалады (дене қызуы, баспа, лимфа тамырларының ұлғаюы, бауыр, көкбауыр).

4- апта соңында АИТВ-ға қарсы денелер табылуы мүмкін.

Соңғы кезең.

ЖИТС орташа алғанда зақымданғаннан кейін  8 жылдан соң дами бастайды.Иммундық жүйесі әлсіреген ағза түрлі ауру тудыратын бактерия, зең, жұқпалардан сақтана алмайды.

ЖИТС-пен ауыратын адамның өмір сүру ұзақтығы шамамен 12 жылға созылуы мүмкін.