2019 жылы 23,24 қазанда Облыстық қан орталығы залында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша оқыту семинары және тестілеу өткізілді.

Бұл жаңалық еліміздің әр азаматына қатысты болғандықтан, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шарттары мен МӘМС жүйесінде қандай медициналық қызметтер көрсетілетіндігін білу маңызды

 

 width=

Жыл сайын облыстық қан орталығының жауапты мамандарымен МӘМС жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді талқылауға арналған семинарлар өткізіліп отырады.

Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде мамандарымызда осы тақырыпқа қатысты негізгі мәселелері қамтылған буклеттер бар, қабырғаларда көрнекі түрде жадынамалар мен плакаттар ілініп, холда донорлар мен келушілерге арнайы бейнероликтер жүйелі көрсетіледі.

 

 

        Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасымен 23 қазанда кезекті оқыту семинары өткізілді. Семинарға 82 қызметкер қатысып, тестілеуден  өтті.

Семинардан кейін 24 қазанда ОҚО  акт залында Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша тестілеу қағаз түрінде өткізілді.

Тестілеуге қызметкерлер өз беттерімен дайындалды. Қызметкерлер білімін «қанағаттанарлық» деп бағалауға болады. Бүгінгі күні кәсіпорын бойынша 82 қызметкер семинарға қатысып, тестілеуден өтті.