Облыстық қан  орталығы базасында тренингтік оқыту орталығы қан қызметі мәселелері бойынша облыстың барлық медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді.

Тренингтік оқыту орталығының жұмысы қан қызметі саласы, трансфузиология мәселелері қамтылған бекітілген оқу жоспарымен жүзеге асырылады. Медициналық құжаттарды жүргізу бойынша 23.11.2010 ж №907(24.03.17 ж. №92 өзгертулермен), 29.05.15ж. №417 (10.10.17 ж.өзгертулермен қосымша), 6.11.2009ж. №666  «Қан және оның құрамын жүзеге асыру, сақтау, қайта өңдеу, дайындау ережесін, сонымен қатар қан құрамы және препараттарын құю, сақтау ережелерінің  тізімдемесін бекіту туралы» ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес тақырыптық сұрақтар оқыту бағдарламасына енгізілген.

 

Сонымен қатар, тыңдаушылар донор қаны үлгілерін ИФА және ПЦР әдісімен жаңа зертханалық инфекцияға тестілеу әдісі, қан және оның құрамын қайта өңдеу, дайындаудың заманауи технологияларын енгізу бойынша дәрістер тыңдайды. Барлық тыңдаушылар міндетті түрде изосерология бойынша оқытылады,  практикалық дағдыларын арттыру мақсатымен медициналық қызметкерлерді практикалық оқытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл – Цоликлон реагентін қолданумен қанды иммуногематологиялық  зерттеу және гельдік және автоматтандырылған иммуногематологиялық әдістеме мәселелері. Қан құю алдында сынама қою бойынша оқыту сағаттары бөлінеді.Аурудың резус-факторы мен қан тобын анықтау бойынша трансфузиялық емдеуді жүргізуде медициналық қызметкерлер жіберген қателерді талдауға мүмкіндік бар. 

 

Барлығы 2019 жылы ОҚО-ның тренингтік оқыту орталығы базасында 88 медициналық қызметкер оқытудан өтті: оның 14-і – дәрігер, 35 – медбике, 39-зертханашы.