Бүгін БАҚ-да иммундық плазманы коронавирусқа қарсы қолдану туралы көптеген мақалалар таба аласыз. Шетелдегі және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы қан орталықтарында осындай плазманы КВИ-мен ауырған науқастардан дайындап ауыр науқастарға көрсеткіштер бойынша құйлады.

2020 жылғы 10 маусымда 3 донордың алғашқы плазмалық дозалары Батыс Қазақстан облыстық қан орталығында дайындалды (Iтоп. Iтоп және IVтоп). Алдын ала донорлар таңдалып алынды, барлық қажетті зерттеулер жүргізілді, коронавирустың антиденелерін ИФА тест жүйелерін қолдана отырып анықтады.

Плазмалық өндіріс плазмаферездің аппараттық әдісімен жүзеге асырылады, рәсім 40 минутқа созылады және донор үшін қауіпсіз.

КВИ ауыр науқастарға облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының тапсырысы бойынша 11-12 маусым аралығында antiCOVID иммундық плазма II топ 3 доза берілді  және I топ 1 доза берілді, науқастардың жағдайын бақылау және мониторингілеу жүргізілуде.