Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚР СТ ИСО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар» сәйкестігін растау қажет етпейді, алайда Облыстық қан орталығының медициналық зертханасы алғаш рет аккредитациядан өтіп

Сертификатын алды, және аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тіркелгенде, үлкен жұмыс атқарғанымыз белгілі болды. бұл алғадеген үлкен қадам.

2017 жылы Қазақстан Республикасының қан қызметінде аккредитациядан өткен екінші және Батыс Қазақстан облысы бойынша медициналық (клиникалық) зертханалар (бұдан әрі – МЗ) арасында бірінші болдық.

Енді, аккредиттеу аттестатының әрекет ету мерзімі біткенде, біз МЗ ҚР СТ ИСО 15189-2015 талаптарына сәйкестігін қайтадан растауға дайындалып жатырмыз. Алдын ала біз талдау жүргіздік, барлық оң және теріс жақтарын таразылап көрдік, - мұндай қадам ұйымға белгілі бір жетістіктерәкелуі мүмкін деген қорытындыға келдік.

Облыстық қан орталығында донордың дәрігерге қаралуынан кейінгі бірінші кезеңі медициналық зертханада зертханалық зерттеулерден басталады, денсаулық жағдайын және донор болу мүмкіндігін бағалау үшін қажетті зерттеулер жүргізіледі. Бұл кезең сәйкестендіруді, сынамаларды іріктеуді, үлгілерді зерттеуді, кейіннен тексеруді және нәтижелерді түсіндіруді, егер көрсетілген болса, ұсыныстарды дайындауды қамтиды. Сондықтан медициналық зертханалық қызметтер донорлардың (пациенттердің), зерттеуге (диагностикаға) жауапты медицина мамандарының, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы өте маңызды.

ҚР СТ ИСО 15189-2015 MЗ талаптарын сақтау үшін (қан тестілеу бөлімі мен инфекциялық диагностика зертханасы кіреді) ішкі аудитпен, күнделікті сапаны бақылаумен және сыртқы, жыл сайынғы қатысумен ішкі бақылау жүргізіледі.

ВОК және МЛСИ  бағдарламаларындағы зертхана, сонымен қатар MЗ Ұлттық аккредиттеу орталығының ешқандай ескертулерсіз екі тексеруінен өтті.

Жаңа заңнамалық құжаттардың, оның ішінде қан қызметі туралы құжаттардың шығарылуын ескере отырып, біз жаңа құжатталған процедуралар мен стандартты операциялық процедураларды кезеңді түрде жаңартып, қайта шығардық, 2022 жылы құжаттар үшінші басылымнан өтті

Қазір МЗ ақпараттық жүйеде тіркелді, ол электрондық форматта МЗ-да деректер қорын қалыптастырады, бұл да белгілі бір кезең және оны нормативтік құқықтық актілердің талаптарына келтіру мақсатында жетілдіру.

«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 05 шілдедегі N61-IV Заңының 3-бабына сәйкес аккредиттеудің бес нақты мақсатының негізгісі: тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселелерінде өнімдердің, процестердің, қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы.

Осылайша, медициналық зертхананың міндеті нақты нәтижелерді беру ғана емес, сонымен қатар оны дұрыс, айтылған мерзімде, тиісті зертханалық процедураларды пайдалана отырып, этикалық нормаларды, құпиялылықты және пациенттердің қауіпсіздігі ережелерін сақтау болып табылады.

Біздің медициналық зертханамыз қызметтеріміздің сапасы мен сенімділігін көрсету үшін оның құзыреттілігін, бейтараптық пен жүйелілігін анықтау үшін ерікті негізде қайта аккредиттеуді жоспарлап отыр. Ол зертханалық зерттеулерге, ғимараттар мен жабдықтарға, реагенттерге, материалдарға және басқа да әсер ететін факторларға қатысатын персоналдың біліктілігі мен құзыретіне қатысты.