Облыстық қан  орталығы базасында тренингтік оқыту орталығы қан қызметі мәселелері бойынша облыстың барлық медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетеді.

Тренингтік оқыту орталығының жұмысы қан қызметі саласы, трансфузиология мәселелері қамтылған бекітілген оқу жоспарымен жүзеге асырылады. Медициналық құжаттарды жүргізу бойынша 23.11.2010 ж №907(24.03.17 ж. №92 өзгертулермен), 29.05.15ж. №417 (10.10.17 ж.өзгертулермен қосымша), 6.11.2009ж. №666  «Қан және оның құрамын жүзеге асыру, сақтау, қайта өңдеу, дайындау ережесін, сонымен қатар қан құрамы және препараттарын құю, сақтау ережелерінің  тізімдемесін бекіту туралы» ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес тақырыптық сұрақтар оқыту бағдарламасына енгізілген.

 

Сонымен қатар, тыңдаушылар донор қаны үлгілерін ИФА және ПЦР әдісімен жаңа зертханалық инфекцияға тестілеу әдісі, қан және оның құрамын қайта өңдеу, дайындаудың заманауи технологияларын енгізу бойынша дәрістер тыңдайды. Барлық тыңдаушылар міндетті түрде изосерология бойынша оқытылады,  практикалық дағдыларын арттыру мақсатымен медициналық қызметкерлерді практикалық оқытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл – Цоликлон реагентін қолданумен қанды иммуногематологиялық  зерттеу және гельдік және автоматтандырылған иммуногематологиялық әдістеме мәселелері. Қан құю алдында сынама қою бойынша оқыту сағаттары бөлінеді.Аурудың резус-факторы мен қан тобын анықтау бойынша трансфузиялық емдеуді жүргізуде медициналық қызметкерлер жіберген қателерді талдауға мүмкіндік бар. 

 

Барлығы 2019 жылы ОҚО-ның тренингтік оқыту орталығы базасында 88 медициналық қызметкер оқытудан өтті: оның 14-і – дәрігер, 35 – медбике, 39-зертханашы.

 

 

 

 

 

 

 


БҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК – нында МҰ – дың медициналық қызметкерлеріне үзіліссіз кәсіптік дайындығына арналған оқу – тренингтік орталығы құрылды. Оқу – треннингтік орталық медициналық қызметкерлерінің қан қызметі сұрақтары бойынша кәсіптік деңгейін жоғарлату және қолдау мақсатында құрылды.

Мақсаты мен міндеттері: 

Мақсаты: медициналық қызметкерлердің кәсіби  деңгейлерін көтермелеу және олардың көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру
Міндеттері: 1. Медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлерінің үзіліссіз кәсіби дамуын ұйымдастыру
2. Қан қызметінің актуалды сұрақтары бойынша медициналық қызметкерлерінің теориялық және практикалық білімін жетілдіру
3. Облыстағы медициналық қызметкерлеріне әдістемелік және консультативті көмек көрсету

Қызметі:

1. Қан қызметінің актуалды сұрақтары бойынша медицина қызметкерлеріне тренинг, мастер класс, семинарлар ұйымдастыру
2. Облыстағы медицина қызметкерлерінің үзіліссіз кәсіби дамуын анализдеу, актуалды сұрақтар бойынша оқу-жоспарлары мен графиктерін жасау 
3. Медицина қызметкерлерінің үзіліссіз кәсіби дамуына мониторинг жасау және тиімділігін саралау 
4. Медициналық ұйымда ВОЗ ұсынымдары мен ұстанымдарын енгізу
5. Халыққа медициналық көмек көрсетету сапасын арттыруға және медицина қызметкерлерінің үзіліссіз кәсіби дамуына бағытталған іс – шараларды басқа МҰ-рмен бірге өткізу
6. Жергілікті медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитетімен бірге дәрігер қателігін, өлім жағдайларын және т.б. анализдеу
7. Денсаулық сақтау басқармасымен салауатты өмір салтын және дұрыс тағамдануды енгізу бойынша әрекеттесу.

Оқу – тренингтік орталық бойынша сұрақтарыңыз болса, мына телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз: 51-80-33 Қан тестілеу зертханасы бөлім меңгерушісі –Нугманова Ару Сансызбаевна
Дәрігер– лаборант  - Имангалиева Гулайша Мусировна