Батыс Қазақстан облысындағы қан қызметі тарихы

 

Облыстық қан орталығының тарихы 1937 жылдан басталады. Ол кезде алғаш рет облыстық ауруханада 350 мл қан құйылған болатын. Бірінші Қан құю станциясы (ҚҚС) 1938 жылы ашылып, оның басшысы болып дәрігер Н.Д.Киселев тағайындалды. Осы жылы ҚҚС-ы 13,145 л  қан дайындалды. Донорлық қан дайындау мөлшері біртіндеп арта бастады және 1940 жылы 33 литрге жетті. Соғыс жылдары қан дайындау әлдеқайда көбейді, өйткені қаламызда әскери госпитальдер орналасқан болатын. Донорлар ай сайын 500-600 мл қан тапсырды. 1937-1945 жылдар аралығында 588 литр қан дайындалды.


1944 жылдың наурыз айында ҚҚС – ты дәрігер О.Г.Гумбург басқарды. ҰОС жылдарының соңында қан дайындау мөлшері жылына 60-80 л-ге дейін азайып, ҚҚС қан құю бөлімшесі болып атанды. 


1953 жылы Орал облыстық Қан қызметінің қайтақұрылып,  қанның барлық төрт тобын дайындала бастады. 


1953 жылы  Батыс Қазақстан облысында ауруханаларда төсек қоры артып, халыққа мамандандырылған медициналық қызмет көрсету саласы дами бастады. Белсенді донорлар саны 50-ден 1000 адамға дейін  артып, ал қан дайындау мөлшері жылына 380 литрге жетті.
БҚО қан қызметін:


1967 – 1971 жж.  – хирург Г.А.Лебедева;
1971 – 1992 жж. – дәрігер Жумашева Светлана Мажитқызы;
1992 –2014 жж. – дәрігер – трансфузиолог Джалмуханов Серік Сейтқалиұлы;
2014 – 2016 жж.  – дәрігер Лямов Гизатолла Темірұлы;
2016 жылдың сәуір айынан бастап Областық қан орталығын  дәрігер Калиев Қуаныш Жарылгасынұлы басқарып келеді.

1967 жылы Қан құю станциясына арнап 3-қабатты типтік үлгідегі ғимарат салынды. Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бұйрығы негізінде Орал облысының қан құю бөлімшесі IV категориялық Қан құю станциясы болып қайта құрылды.

 

  • 1968 жылдан бастап тромбоқоспалар, қатырылған және құрғақ плазмалар, эритроқоспалар мен Филатов сарсулары дайындала бастады. Инженерлік-техникалық қызметкерлер штатқа енгізілді.
  • 1970 жылы Облыстық қан құю станциясы ІІІ дәрежелі санат иеленді. ОҚҚС қан және оның компоненттерінің 10 түрін дайындай бастады: қан, қатырылған плазма, құрғақ плазма, лейкомасса, тромбомасса, эритромасса, стандартты сарысулар, антирезус сарысуы, Филатов сарысуы және БАП пастасы.
  • 1971 жылы антигемофильді плазма, фибриноген, плазмонат шығарыла бастады. Зертханаларда донор қанына жеке түрде сәйкеспелушілікті анықтай бастады.
  • 1972 жылы австралиялық антигенді анықтайтын, резус тәуелділікті анықтайтын зертханалар ашылды.
  • 1974 жылы донорларды жинақтау бөлімі антистафилококті плазманы дайындау үшін донорларды иммунизациялау жұмысын жүргізді.
  • 1975 жылы «КСРО доноры» медалімен – 780 адам, «КСРО  құрмет доноры» - медалімен 58 адам марапатталды.
  • 1976 жылы аққуыз фракциялау бөлімшесі ашылды. Фибриноген өңдіру мемлекеттік бақылауды болды. Қанды алмастырғыштар барлық ауруханаларда кең қолдана бастады.
  • 1980 жылы ОҚҚС-ке II дәрежелі санат берілді: ОПК 7 штаты және 9 ОАА қан дайындаумен айналысты. МҰ жарысы нәтижесінде Ауыспалы қызыл белгісімен марапатталды.
  • 1982 жылы I дәрежелі санат берілді. Қан дайындауда плазмаферез тәсілі енгізілді.

Облыстық қан Орталығының қызметі «Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» негізіне сәйкестендіріліп жүргізілді.

 

 

Облыстық қан Орталығында мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында донорлық қан және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, зертханалық сынақтан өткізуді жетілдірілген материалдық-техникалық базаны пайдалана отырып, жаңа технологиялар негізінде жүргізе бастады.  Соңғы жылдарда Облыстық қан Орталығында материалды-техникалық базаны нығайтуға басты көңіл бөлінуде. Донорлық қанды зерттеу үшін халықаралық стандарт талаптарына сай келетін жабдықтар мен реагенттер қолданылады:

  • KX-21N «SYSMEX» гемотологиялық анализаторы – көп параметрлі автоматикалық қан жасушаларын есептеуіш, қанның 18 параметрі бойынша (гемоглабин, эритроцит, гемотокрит, лейкоцит, тромбоцит және басқа анықтау) жылдам әрі дәл талдау жасайды және қан және оның компоненттерін тапсыру алдында донордың аналитикалық мәліметтерін баспаға шығарады;  
  • Донор қанын иммунды-гематологиялық зерттеуге арналған гельдік технология негізінде жасайтын Скангель жартылай автоматы;
  • IH-1000 иммунды-гематологиялық зерттеуге арналған автоматтандырылған анализаторы.

Бұл технологиялар донор қанының имуннологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қанның  тобын тоғыспалы әдіспен анықтау, резустық тиістілігін анықтау, барлық жүйелер бойынша эритроциттердің антигендерін түр бойынша жіктеу, эритрициторлық антиденелерді скринингтеу және сәйкестендіру, эритроциттердің антигендерге аутосенсибилизациялауын диагностикалау мақсатында қолданылады. Қан құюға қажетті гемокомпоненттерді жеке дара іріктеп алуға мүмкіндік береді. Бұл технологиялар иммунды-гематологиялық зерттеу барысында Қазақстан, ТМД елдерінде және шет елдерде кеңінен қолданылады. Бұл әдіс-тәсілдер өте сезімтал болғандықтан зерттеу нәтижесіне адами фактордың әсері болмайды, көп мөлшердегі донорлық қанды толық спектрлы иммунды-гематологиялық зерттеу барысында уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қан арқылы таралатын инфекциялармен қызметкерлердің зақымдануына жол бермейді.     

  • донорлық қанды ВИЧ, гепатит «А», гепатит «В», «С» және мерез ауруларына зерттеулер жүргізуге арналған автоматтандырылған имуноферменттік (ИФА) және иммунохемилюминесценттік (ИХЛА) анализаторлары созылмалы аурулардың кезеңдерін және вирустасымалдаушы індеттерді анықтайды.
  • автоматтандырылған ПЦР-анализаторы жоғарыда көрсетілген індеттерді ерте кезеңінде ДНҚ/РНҚ деңгейінде анықтайды. Донорлық қанды екі кезеңді зерттеу тәсілі (ИФА/ИХЛА+ПЦР) қан компоненттерін инфекциялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді.
  • жұмыс барысында жаңа медициналық технологияларды қолдану, донор плазалары мен қан жасушаларын дайындауда әлемдік нарықта танымал фирмалардың аппараттарын пайдалану арқылы сапалы компоненттер өндіруге және процедура барысында донорлардың қауіпсіздігіне кепіл болады.       

Қан компоненттерін дайындауда лейкоцит қолдықтарының төменгі мөлшерде болуын қамтамасыз ететін біріктірілген лейкофильтрлі гемоконтейнерлер қолданылады, өйткені лейкоциттер вирустық инфекция көзі болып табылады.
Жаңа мұздатылған плазма дайындау үшін плазманы тез мұздатушы MBF-21 қолданылады, ол «орнықсыз» қан ұюы факторының сақталуын қатамасыз етеді.
Вирустар, бактериялар мен паразиттердің сан түрлерін,  сонымен қатар плазма мен тромбоциттердегі донорлық лейкоциттердің қоспаларын  инактивациялау үшін INTERCEPT жүйесі қолданылады, ол ДНҚ/РНҚ патогендері мен лейкоциттерін фотохимиялық байланыстыру технологиясына негізделген.

  • Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында карантинизация жүргізіледі.

Облыстық қан орталығы халықаралық стандарттарға сай қан компоненттерін шығарады. Облыстық Орталықта көп жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі және жоғары білікті дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер еңбек етеді.
Облыстық қан Орталығы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа шақыра отырып, донорлық, қан және оның компоненттерін дайындау, қан компоненттері мен диагностикалық стандарттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультациялар мен әдістемелік көмектер ұсынады.