1.1. Кәсіпорынның мақсаты:
қан дайындау, қайта өңдеу, сақтау, қан препараттары мен компоненттерін өндіру мен іске асыру болып табылады. ТМККК шегінде облыстың және қаланың медициналық ұйымдарын қамтамасыз ету.
1.2. Кәсіпорын қызметінің заты:
- донорлықты дамыту және насихаттау;
- донорлықты ұйымдастыру, донорлық кадрларды жасақтау және іріктеу, донорларды тексеру;
- медициналық ұйымдарды донор қанның препараттарымен және компоненттерімен қамтамасыздандыру;
- стационарда және шығу жағдайында донорлық қан дайындау
- донорлық плазмаферез және тромбоцитоферез жүргізу;
- қанды қайта өңдеу және оның компоненттерін алу;
- қанның тобын және резус факторды анықтау үшін диагностикалық стандартты өндіру;
- медициналық ұйымдарға кеңестік көмек көрсету;
- бейбіт және әскери уақытта төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық көмек көрсету барысында қан қызметі арнайы ісшараларын жоспарлау және өткізу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарсы келмейтіндей кәсіпорынның жарғылық қызметіне материалдық қамтамасыз ету мақсатында ақылы қызмет түрлерін көрсету;
1.3. Қызмет түрлері:
-Қарағанды облысының МҰ трансфузиология мәселесі бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- клиникалық тәжірибеде қан компоненттері мен препараттарын қолдану және өндіріс технологиясы, қан қызметін ұйымдастыру әдісі және озық нысанын әзірлеу;
- донорлық кадрларға есеп жүргізу және жоспарлау, жинақтау;
- донорлық сессияны ұйымдастыру және қан дайындау, одан қан компоненттерді алу;
- қан қызметін ұйымдастыру үшін кадрларды жетілдіру және даярлау;
- БҚО МҰ гемотрансфузиондық заттармен қамтамасыз ету;
- аппаратты донорлық плазмаферезді жүргізу;
- дайындалған донорлық қанды сақтау және тасымалдау;
- шығарылатын өнімнің сапасына тексеріс жүргізу;
- бейбіт және әскери уақытта төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық көмек көрсету барысында қан қызметі арнайы ісшараларын жоспарлау және өткізу;