ВОЛОНТЕР БОЛУҒА НИЕТ БІЛДІРУШІЛЕРГЕ

Волонтерлер   - қан қызметіндегі баға жетпес көмекшілері, донор қозғалыстарының ерікті қатысушылары. Біздің елімізде донор қозғалысының дамуына қосқан үлестері зор. 
Кез – келген адам волонтер болуға мүдделі, егер сіз қандай да бір себептермен қан тапсыра алмасаңыз, не көмектескіңіз келсе, қан қызметі Сізге ризашылығын білдіреді.

Қалай көмектесуге болады

Қан орталығы қан және оның компонентерімен қамтамасыз ететін ауруханаларға баруға болады. Онкологиялық, гематологиялық , хирургия бөлімдеріне қай уақытта және қандай шарттармен, қандай гигиеналық процедуралар орындау арқылы (халат, ауыстытуға арналған аяқ – киім и т.д.) қабылдайтынын біліңіз. Егер қызметкерлер қарсы болса, оларға сіз ауруларға көмектесуге белсенді топ құрмақшы екеңізді және ем алушылардың қажеттіліктерін білгіңіз келетінін хабарлаңыз. Әдетте бұл қарсылық тудырмаған.
Содан ем алушылардан немесе оларды күтіп отырғандардан донор қаны қандай жиілікпен қажеттілігін, барлық қажетті жағдайда қан не оның компоненттері құйылатындығын, ота жасау қан не оның компоненттері жетіспеушілігінен жасалмағандығы, туыстар арасында өздеріңе донор іздеңіз деп айтқан жағдайларды біліңіз. 
Осыдан кейін сізге қаламыздағы әр ауруханасында қандай мәселелер туындайтындығы белгілі болады. Егер осында донор қаны мен оның компонеттеріне кәдімгі мұқтаждық байқалатын болса, келесі қадам жасауға уақыт келді деген сөз.  

Сіз басқа адамдарды қан тапсыруға тарта аласыз

Мынадай тәсілдер бар:

1. Қан тапсыруға туысқандарыңызды, таныстарыңызды, достар мен әріптестеріңізді шақыра аласыз. Қан донорлығы туралы айтып беріңіз. Мұндай "сарафанды радио" - әдетте донорлар тартудың ең нәтижелі тәсілі, әсіресе, егер нақты науқасқа керек деген жағдайда.

2. Жұмыста, ЖОО –да немесе өзіңіз жиі болатын орындарда  донорлық туралы хабарландыру жасаңыз. Егер сіздің басшыңыз қарсы болмаса (студенттерде - деканат),  донорларды тарту жөніндегі қосымша шаралар ұсынуға болады: дәріс, қабырға газеті немесе т.б. шығармашылығыңызды көрсетіңіз.
Егер Сіз ірі кәсіпорындарда, институттарда, мекемелерде жұмыс істесеңіз,жұмыс орныңызда көшпелі донорлық бригадасын шақыруға болады.  Демек, бұл сіздің мекеме мен қызметкерлеріне қан орталығы ұйымдастырған көшпелі бригадасы тағайындалған күні келіп, акция өткізеді. Бірақ ол үшін алдын-ала қан орталығымен акция өткізуге келісіп, дайындық жүргізу керек.

ЖОО-да донор күнін өткізу үшін 
Донорлық акцияларын өткізу 2 тәсілі бар:
• Донор күнін ЖОО территориясын өткізу
• Студенттерді қан орталығына шақыру

Оқу орнында болатын Донор күні
Оқу орнында Донор күнін қан орталығының  көшпелі бригадасы жүргізеді. Оны өткізу үшін дәрігерлерге ауасы желдетілетін кең бөлмені дайындау қажет. Егер донорлар саны 30-дан адамды құрайтын болса, көшпелі бригадасы жұмыс істеуге дайын. Бір мезгілде бірнеше бригадалар қызметін жүзеге асыруға да болады. Қан тапсырған студенттерге естелік сувенирлері беріледі.  Өткізілетін күнге келетін болсақ, онда ол мекеме басшылары мен қан орталығы әкімшілігінің келісімі бойынша анықталады. Акцияларды жариялау үшін Сіз қан қызметі - плакаттары, брошюралары, үгіт материалдарын қолдана аласыз. 


Студенттердің қан орталығына көшпелі акциясы
Ондай акция өткізу үшін  қан тапсыруға дайын оқу орны студенттері бір топ болып  ұйымдастырылып, қан орталығына келген жөн.


Корпоративтік  донор күнін өткізу 
Корпоративтік донор күнін өткізу 2 тәсілдермен жүзеге асырылады:
• донор күнін ұйым аумағында өткізу
• персоналдардың қан орталығына келуі

Донор күні ұйымда
Донор күні ұйымда қан орталығы көшпелі бригадасы жүргізеді. Оны өткізу үшін дәрігерлерге ауасы желдетілетін кең бөлмені дайындау қажет. 
Егер донорлар саны 30-дан адамды құрайтын болса, көшпелі бригадасы жұмыс істеуге дайын.  Бір мезгілде бірнеше бригада жұмыстарын жүзеге асыруға болады.
Мекемеде өткізетін донор күнін ұйымдастыру мәселелерін қан қызметі өз мойына алады. Өткізілетін күнге келетін болсақ, онда ол мекеме басшылары мен қан орталығы әкімшілігінің келісімі бойынша анықталады.

Ұйым қызметкерлерінің қан орталығына келіп қан тапсыру акциясына қатысуы
Ондай акция өткізу үшін  қан тапсыруға дайын ұйым қызметкерлері бір топ болып  ұйымдастырылып, қан орталығына келген жөн.

Волонтерлер қатарына кір! Бізге қазір көмекшілер керек!

Волонтерлік мәселелер бойынша мына телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: Салаватова Толқын Гарифуловна  24-22-97, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бірге біз көп өмірлерді құтқара аламыз!