ЭК-01(01)-02-17

Жұмысшының этикалық кодексі  

БҚО әкімдігі ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК

 

БҚО әкімдігі ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ  МКК жұмысшысының этикалық кодексі (ары қарай – Кодекс) - БҚО әкімдігі ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК жұмысшысының (ары қарай – ОҚО жұмысшысы) кәсіби қызметін жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлқының этикалық ережелері мен қағидаларының жиынтығын анықтайтын құжат болып саналады. ҚР «Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» ҚР Кодексінің 31 тарау, 184 бабы негізінде жасалды.

Кодекс жұмысшылар арасындағы, қоғам мен донор арасындағы қарым-қатынасты анықтайды, жеке адам және толық қоғамның денсаулығы, адамгершілігі, құқығын қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қатар ОҚО жұмысшысының қоғам алдындағы өз қызметіне жоғары моральдық жауапкершілігін анықтайды.   

 

 I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

Кодекс ОҚО жұмысшысының азаматтар және қоғам алдындағы өз қызметіне моральдық  жауапкершілігін анықтайды.

ОҚО жұмысшысы өз қызметінде келесі моральдық және этикалық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:  

-Кодексті басшылыққа алу;

-Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жағдай жасау;

-емделуші мүддесіне сай шешім қабылдау;

-Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жұмысшысы жоғары атағының беделін түсіретіндей әрекет жасауға жол бермеу;

-қызметтік міндетін адал және сапалы орындау;

-кәсіби білімін үздіксіз жетілдіріп отыру;

-жеке пайда үшін алдын ала емдеу шаралары мен әдістерін жарнамалау және пайдалануға жол бермеу;

-еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау;

-ұйым мүліктеріне ұқыпты қарау және тиімді пайдалану;

-сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

-пайдакүнемдік және басқа да жеке мақсатта қызметтік ақпаратты қолдануға жол бермеу; 

-жеке бастық үлгімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық ахуал жасауға мүмкіндік туғызу; 

-Ар-намыс Кодексі қағидаларының басқа медициналық және фармацевтикалық жұмысшылар тарапынан бұзылуына жол бермеу және оны тоқтату;

-қызметтік міндетін орындау кезінде бекітілген киім үлгісін сақтау;

 

Донорлармен қарым-қатынас кезінде ОҚО жұмысшылары міндетті:

-жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына қарамастан адам құқығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;

-мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне азаматтардың сенімін нығайтуға жағдай жасау;

-сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

-өз әрекетімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбау, сынды дұрыс қабылдау, сынды өз кәсіби қызметінің жақсаруы мен кемшіліктерді жою үшін пайдалану.         

Әріптестерімен қарым-қатынас кезінде ОҚО жұмысшылары міндетті:

-жалпы  қабылданған моральдық-этикалық қағидаларды сақтау, әдепті және сыпайы болу;

-басқа медициналық және фармацевтикалық жұмысшының кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән туғызбау;

-қазақстандық медицина дәстүрлері мен жетістіктерін арттыру;

-өз біліктілігі мен құзіреттілігіне сәйкес азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне, өз жұмысының жоғары деңгейдегі сапасын қамтамасыз етуге  күш салу.

ОҚО жұмысшысының моральдық міндеті – медициналық қоғамдастық адалдығын сақтау, әріптестерінің және жеке қателіктеріне әділ талдау жасау, іс-тәжірибеде жұмысқа залал келтіретін біліксіз және абыройсыз  әріптестер әрекетіне тосқауыл болу.

ОҚО жұмысшысы қоғамдық шараларға қолдау көрсетіп, әсіресе салауатты өмір салты насихатталатын шараларға шамасына қарай қатысып отыруы тиіс.

 

 II ТАРАУ.ОҚО ЖҰМЫСШЫСЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙТІН ӘРЕКЕТ

 

1.ОҚО жұмысшысының құқығы жоқ:

-өз білімі мен мүмкіндігін ізгілікті емес мақсатта пайдалануға; 

-донорға өз философиялық, діни және саяси көзқарасын зорлап міндеттеуге;

-өз жағдайын, донордың эмоционалдық жай-күйін пайдаланып, мүліктік келісім жасауға, жеке мақсатта оның еңбегін пайдалануға, сонымен қатар бопсалау және парақорлықпен айналысуға.

2.Кәсіби тәуелсіздік.

-ОҚО жұмысшысының борышы мен құқығы —  өз кәсіби тәуелсіздігін сақтау, егер Қазақстан Республикасы заңнамаларына, этикалық қағидаларына, кәсіби борышына қайшы әрекеттерді талап ететін болса,  кез келген жеке және заңды тұлғамен серіктестіктен бас тарту.

 

 III ТАРАУ. ОҚО ЖҰМЫСШЫСЫ МЕН ДОНОРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

 

1.Донордың ар-намысы мен абыройын құрметтеу, онымен сабырлы және ықыласты қарым-қатынаста болу.

  1. Донор-қоғам, донор-отбасы т.б. мүдделер қайшылығы туындағанда ОҚО жұмысшысы егер донордың өзіне не оның айналасындағы адамдарға залалы тимесе, донор мүддесіне артықшылық беру.

3.Донор ОҚО жұмысшысы оған сеніп жүктелген жеке медициналық құпияны сақтайтынына, ол донордың немесе заңды өкілінің рұқсатынсыз донация барысында алынған ақпаратты жария қылмайтынына сенуге құқылы.Медициналық құпияны жария қылу Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайда рұқсат етіледі.

 

 IV ТАРАУ. ОҚО ЖҰМЫСШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

 

1.ОҚО жұмысшыларының бір-бірімен қарым-қатынасы өзара сыйластық пен сенімге  құрылуы керек және емделуші мүддесін ұстанумен ерекшеленеді.

 

ОҚО жұмысшысы әріптестерімен қарым-қатынаста адал, әділ, ақ пейіл, парасатты болуы қажет, олардың білімі мен тәжірибесіне құрметпен қарап, сонымен қатар оған өз білімі мен тәжірибесін адал ниетпен беруге дайын болуы керек.

 

Әріптестер атына айтылған сын өкпесіз және дәлелді болуы тиіс.Сынға әріптестің жеке басы емес, кәсіби әрекеттері жатады.Өз беделін әріптестерінің беделін түсіру арқылы нығайту әрекеттеріне жол берілмейді.

 

2.Мейірбике дәрігер тағайындаған медициналық ем-шараларды бұлжытпай және білікті түрде жасауға міндетті. Мейірбикенің жоғары кәсіпқойлығы — дәрігер мен мейірбикенің жолдастық, алқалық қарым-қатынасындағы маңызды моральдық фактор. Дәрігер мен мейірбикенің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі өзара жөнсіз, қызметтік емес сипаттағы қарым-қатынасы медициналық этикаға жатпайды.  Егер мейірбике дәрігер әрекетіне күмәнданса, бұл жағдай туралы алдымен дәрігердің өзімен, күмән сейілмесе, осыдан кейін жоғарғы басшылықпен әдепті сөйлесуі қажет. 

 

 

 V ТАРАУ. ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСТІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШЕГІ, ОНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК, ОНЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ

 

  1. Кодекс БҚО әкімдігі ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК шегінде әрекет етеді және барлық жұмысшыларға күші бар.
  2. Кәсіби этиканың бұзыылуына жауапкершілік деңгейі медициналық көмек сапасы қызметі және тәртіптік комиссиясымен анықталады.Егер этикалық ережелерді бұзумен бірге заңдық нормалар да бұзылса, жұмысшы ҚР заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
  3. Кодекстің жекелеген ережелеріне түсінік беру және қайта қарау кәсіподақ жұмысшыларының ұсынысын есепке алу арқылы медициналық көмек сапасы қызметі комиссиясымен жүзеге асырылады.

 

КӨШІРМЕНІ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ

ЭК-01(01)-02-17

Жұмысшының этикалық кодексі

 

№ р/с

Көшірме берілді

Көшірме қайтарылды

ТАӘ, көшірмені алған тұлғаның лауазымы  

Күні

Көшірмені алған тұлғаның қолы

Күні

Жауапты тұлғаның қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨЗГЕРІСТІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

ЭК-01(01)-02-17

Жұмысшының этикалық кодексі

 

 

Тарау атауы

 

 

Нөмір

р/с

өзгеруі

Өзгеріс енгізілген күн

Өзгеріс енгізген тұлға тегі

Өзгеріс енгізген тұлға қолы

 
 

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТАНЫСТЫРУ ПАРАҒЫ

ЭК-01(01)-02-17

Жұмысшының этикалық кодексі

 

 

Лауазымы

 

Т.А.Ә.

 

Күні

 

Қолы

   

 

 

   

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

   

 

           

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құжаттың соңы