16 қыркүйекте БҚО әкімдігі ДСБ "Облыстық қан орталығы" ШЖҚ МКК базасында БҚО әкімдігі ДСБ "Облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы" ШЖҚ МКК-н қатысуымен медицина қызметкерлеріне "АИТВ инфекциясын анықтауға клиникалық көрсетілімдер", "Батыс Қазақстан облысы бойынша 2021 жылғы 8 айдағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал"тақырыптарында бірлескен семинар өткізілді.

Аудиторияны жаңа нормативтік актілермен, оның ішінде "АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығымен таныстырды, бұйрықта: АИТВ-ға міндетті медициналық куәландыруға жататын мамандықтар тізбесі, тәуекел дәрежесін бағалау, АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі айқындалған.

АИТВ-инфекциясы-адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына әкеп соғатын созылмалы инфекциялық ауру.

Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АИТВ-инфекциясының болуына зерттеп – қарау-белгілі бір аумақтағы, халықтың жекелеген топтары арасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты және хабардар етілген келісіммен АИТВ-инфекциясы жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде адамдарды міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау.

 

Адамдарды АИТВ-инфекциясына міндетті құпия медициналық зерттеп-қараудың алдында кеңес өткізу бойынша арнайы даярлықтан өткен дәрігер немесе маман тестілеуге дейінгі кеңес жүргізеді, қан алуды жүзеге асыратын медициналық ұйымның ақпараттық жүйесіне тестілеуге, қан алуды жүзеге асыратын медициналық ұйымның ақпараттық жүйесіне консультация беру және дербес деректерді енгізу.

Т1 теріс нәтижесін алған кезде зерттелетін адамға "АИТВ теріс" нәтижесі беріледі.

Тексерілетін адам теріс нәтижені жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде зертханаға зерттеу үшін қан үлгісі келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде қан алу орны бойынша алады. Нәтижені берер алдында тестіден кейінгі кеңес жүргізіледі.

16 жастан асқан кәмелетке толмағандарды АИТВ инфекциясына міндетті тексеру олардың қалауы бойынша, әрекетке қабілетсіз адамдарды-Кодекстің 78 – бабына сәйкес олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі. 18 жасқа дейінгі АИТВ жұқтырған адам анықталған жағдайда оның ата-анасы немесе заңды өкілдері хабардар етіледі.

2021 жылы 8 ай ішінде облыс бойынша АИТВ-инфекциясының 65 жағдайы анықталды (2020 ж. 8 айында - 56 жағдай), 2020 жылмен салыстырғанда 9 жағдайға өсті. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 9,8 (ҚР-да 12,5).

2021 жылы 8 айында халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту-8,3% құрады (2020 жылғы 8 айға – 6,3%).

ҚР азаматына 2021 жылы 8 айда 100 код бойынша 65618 (8 ай ішінде) тексерілді. 2021ж. - 51537) адам, өткен жылмен салыстырғанда облыс бойынша тексерілгендердің барлығы донорлар (қан және басқа биологиялық сұйықтықтар, ағзалар, тіндер) 14081.10% - ға артты. Барлық тексерілгендердің ішінен 108 Код бойынша (6552): 97,5% қан донорлары (108.1); 2,5% жыныстық жасушалар мен эмбриондар донорлары (108.2); 0% тіндер мен мүшелер донорлары (108.3). 31.08.2021 ж. жағдай бойынша донорлыққа жүгінген кезде АИТВ-инфекциясының 35 жағдайы, 25 - ерлер, 10 – әйелдер анықталды.

АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары («ЖИТС» ОО) Денсаулық сақтау ұйымдарына байланыстан кейінгі профилактика мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.