14 маусым күні Облыстық қан орталығында (Орал қаласы) Донор күні өтті.

Мереке облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламамен, және облыстық қан орталығы қызметкерлерінің қатысуымен басталды.

Донорлар 4 номинация бойынша марапатталды:

  1. «Лучший донор Западно- Казахстанской области» - көп жылдар бойы қан тапсырған Юрий Константинович Чахалиди, донация саны 335.
  2. «Максимальное количество донаций» номинациясы бойынша – Давлеткалиев Булат Рахматуллаұлы – донация саны 168.
  3. «Донорская династия» номинациясы бойынша:

- әкесі, Виктор Александрович Демидов – донация саны – 42, қызы, Ирина Викторовна Демидова – донация саны - 12, ұлы, Демидов Андрей Викторович – донация саны -10.

- Авдеева Екатерина Анатольевна - донация саны 19 және қызы Авдеева Дарья Игоревна - донация саны 16

  1. «Активный донор» номинациясы бойынша:

- Ғабдуллин Мәлік Хабдрешұлы – донация саны – 69, оның ішінде 21 қан клеткасы,

- Хорошкина Елена Викторовна - 63 донорлық, оның ішінде 12 қан жасушаларының донорлығы,

- Жанғалиев Нұрбек Әділұлы – донация саны – 57,

- сирек қан тобының және Rh факторының доноры Лебедев Сергей Николаевич - донация саны 40,

- Заверняев Евгений Иванович – донация саны 36, оның ішінде 25 қан жасушаларының донорлығы,

- Мурзағалиев Миржан Айтбайұлы – донация саны 36, оның ішінде 21 қан жасушаларының донорлығы,

- Мальцев Евгений Иванович донация саны 36, оның ішінде 19 қан жасушаларының донорлығы,

- Лихачева Лариса Павловна – донация саны 24, оның ішінде 13 қан жасушаларының донорлығы,

- сирек қан тобының және резус-фактордың доноры Темірғалиев Ирбулат Елеусінұлы - қан донация саны 24,

- сирек кездесетін қан тобы және резус-фактор доноры Әмірханов Даурен Мизамғалиұлы - қан донация саны 30,

- Алманов Әділжан Серікұлы – донация саны-123,

- Борзенкова Марина Павловна - донация саны - 78,

- Сыздықов Шыңғыс Аманжолұлы – донорлық қан жасушаларының саны – 23.

Облыстық қан орталығында концерттік бағдарлама мен мерекелік дастархан жайылды.

Акцияның барлық қатысушыларына естелік кәдесыйлар табыс етілді, көп мөлшерде қан тапсырған донорларға алғыс хаттар табысталды. Мереке жоғары деңгейде жақсы көңіл-күймен өтті.

Аталмыш шараға ТДК-42 телеарнасы мен облысымыздың баспасөз қызметі қатысты.

 

Облыс тұрғындары донор күніне арналған барлық іс-шараларға белсене қатысты, атап айтқанда Бөрлі ауданында акцияға 283 адам қатысса, облыстық қан орталығы базасында 80-і жуық донор қатысты.

Дүниежүзілік донор күнін өткізуге  арналған акция барысында барлығы 363 адам қан тапсырды.