Облыстық қан орталығындағы оқыту-тренинг орталығының үйлестірушісі А.Нұғманова облыстағы емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне «Иммуногематологиялық зерттеудің өзекті сұрақтары» тақырыбы бойынша үздіксіз дәріс жүргізеді. Жақында 2022 жылдың 24 маусымында Тасқала аудандық аурухананың базасында теория-практикалық дәріс берілді.
Семинарға аудандық аурухананың 40 медицина қызметкерлері қатысып өздерінің сұрақтарына толықтай жауап алды және иммуногематологиялық зерттеуді жүргізу туралы өз білімдерін жетілдірді.