Облыстық қан орталығының  мамандары  штаттан тыс трансфузиолог Л.Кенжеалиева мен Облыстық қан орталығындағы оқыту-тренинг орталығының үйлестірушісі А.Нугманова  2022 жылдың   26-27  шілдеде  Теректі  аудандық аурухана  мен  Байтерек ауданы  2-ші ауруханасының  медицина қызметкерлеріне  облыс тұрғындарға  трансфузиологиялық көмек көрсету сапасын жетілдіру мақсаттында  орындалуға тиісті ҚР ДСМ 2022 жылдың 21 маусымдағы№ ҚР ДСМ-55 бұйрығына сәйкес  стандарттар  талаптармен таныстырып, реципиентердің қанына иммуногематологиялық зертханалық талдау   жүргізу әдістері туралы практикалық оқыту  жүргізді.

Аталған әдістемелік-ұйымдастыру туралы практикалық дәрістер 5  аудандық аурухананың  126  медицина қызметкерлері жұмыс орында   практикалық  дәріс- тренингпен қамтылды. Аталған әдістемелік-ұйымдастыру жұмысы өз жалғасын тауып,  барлық аудандық, облыстық және қалалық  трансфузиялық көмек   көрсетін емдеу мекемелеріндегі медициналық қызметкерлері  дәріс алумен қамтылатын болады.